Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағы 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Орал қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Орал қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Орал қалалық мәслихатының хатшысы | Е. Калиев |
| 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 19-3 Мәслихатының шешіміне қосымша |
Орал қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілердің түрлері | Есептік бірлік | Жылдық нормасы 1 есептік бірлікке, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
2,54 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,45 |
3 | Қонақүйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,82 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқада мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,31 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,75 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,02 |
7 | Ауруханалар, өзгеде емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,81 |
8 | Мектептер және өзгеде оқу орындары | 1 оқушы | 0,8 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,51 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,11 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,05 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,25 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,25 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 1,93 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орнының1 м2 | 1,92 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,87 |
17 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпыалаңы 1 м2 | 0,3 |
18 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,75 |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,84 |
20 | Жағажайлар, жолдардан көше сыпырындысы | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,26 |
21 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,58 |
22 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 0,3 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,9 |
24 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 0,7 |
25 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,81 |
26 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,3 |
27 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,3 |
28 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,25 |
29 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,56 |
30 | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 0,11 |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 1,73 |