"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 179 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округінің Қуаныш ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2022 жылғы 11 ақпандағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26839 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. "Біржан ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Біржан ауылдық округінің әкімі | С. Хамитов |