Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 17.11.2023 № 251 қаулысымен (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер карантині туралы" Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2022 жылғы 25 тамыздағы № 03/564 ұсынымы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы аумағында қара сүгенің әр түрлігімен (Monochamus) зақымданған алқаптар көлемінде келесі жер учаскесінде карантин режимінің күші жойылсын:
Глубокое ауданы, Черемшанка ауылдық округі, "Черемшанка орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, зақымданған алаң – 0,22 гектар.
2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 378 "Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4836 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес шыршаның үлкен қара мұртты қоңызымен (Monochamus urussovii (Fischer v. Waldheim) зақымданған алқаптар көлемінде Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Д. Ахметов |
| Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 227 қаулысына қосымша |
|
| Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 378 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы аумағында шыршаның үлкен қара мұртты қоңызымен (Monochamus urussovii (Fischer v. Waldheim) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимі енгізілген карантин аймағы
Аудан және ауылдық округтің атауы | Жер учаскесінің тиесілігі | Зақымданған алаң, гектарда |
Катонқарағай ауданы | ||
Белқарағай | "Қаражай" шаруа қожалығы | 5,0 |
Аудан бойынша барлығы | 5,0 | |