"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 42/480-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7712 нөмірімен тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облыстық | |
| мәслихатының хатшысы | Д. Рыпаков |