"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 20 сәуірдегі қорытындысы негізінде және Еркінқала ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Атырау қаласы, Еркінқала ауылдық округінің Еркінқала ауылының көшелеріне:
1) № 34 көшесіне - Тажден Қасанов есімі;
2) № 43 көшесіне - Зіну Сартымбетов есімі;
3) № 4 көшесіне - Ғалымжан Елеманов есімі;
4) № 40 көшесіне - Қарапа Наурызалиевтың есімі берілсін.
2. Атырау қаласы, Еркінқала ауылдық округінің Балауса тұрғын үй алабының көшелеріне:
1) № 26 көшесіне - Құттығұл Мұсағалиев есімі;
2) № 2 көшесіне - Тәжібай Будановтың есімі берілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Еркінқала ауылдық округінің әкімі |
М. Кумаргалиев |