Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35- бабының 2 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысының негізінде және Мортық, Көктерек ауылдары халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округінің Мортық ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 1 атауы жоқ көшесіне Ыбырай Алтынсарин көшесі;
№ 2 атауы жоқ көшесіне Бірлік көшесі;
№ 3 атауы жоқ көшесіне Абылай хан көшесі;
№ 4 атауы жоқ көшесіне Абай көшесі;
№ 5 атауы жоқ көшесіне Бауыржан Момышұлы көшесі;
№ 6 атауы жоқ көшесіне Мортық көшесі.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округінің Көктерек ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 1 атауы жоқ көшесіне Ақбидай көшесі;
№ 2 атауы жоқ көшесіне Құлагер көшесі;
№ 3 атауы жоқ көшесіне Болашақ көшесі;
№ 4 атауы жоқ көшесіне Бейбітшілік көшесі;
№ 5 атауы жоқ көшесіне Атамекен көшесі;
№ 6 атауы жоқ көшесіне Тұмар көшесі;
№ 7 атауы жоқ көшесіне Достық көшесі;
№ 8 атауы жоқ көшесіне Жастар көшесі;
№ 9 атауы жоқ көшесіне Шоқан Уәлиханов көшесі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Көктерек ауылдық округінің әкімі | М. Сарбасов |