"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Талшық ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 26 тамызындағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округінің Талшық ауылының көшелері қайта аталсын:
Ломоносов көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне;
Комсомол көшесін Керей хан көшесіне;
Карл Маркс көшесін Фариза Оңғарсынова көшесіне;
Колхозная көшесін Шәмші Қалдаяқов көшесіне;
Мичурин көшесін Едіге батыр көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Талшық ауылдық округі әкімі | Е. Каиржанов |