Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына және 62-бабының 6-тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Алматы қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Алматы қаласы Білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
| Алматы қаласының әкімі | Е. Досаев |
| Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 3/342 қаулыға қосымша |
Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Алматы қаласы әкімдігінің 03.03.2026 № 1/130 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) қаулысымен.
р/с | Мектепке дейінгі ұйымның түрі | Тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) | Айына тамақтану үшін бір балаға төленетін ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) |
1 | Бөбекжай-балабақша (мемлекеттік) | 37 930 | 57 608 | 25 000 |
2 | Бөбекжай-балабақша (жеке меншік) | 53 062 | 57 608 | 25 000 |
3 | Бөбекжай-балабақша (мемлекеттік бөбекжай-балабақшалардың жанындағы арнайы топтар) | 236 | 102 514 | - |