Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы | Б. Куспеков |
| Екібастұз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 165/22 шешіміне қосымша |
Мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы № 219/28 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3854 болып тіркелген).
2. "Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы "Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың жиналу және пайда болу нормасын бекіту туралы" № 219/28 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 10 қарашадағы № 361/43 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4836 болып тіркелген).
3. "Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы "Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың жиналу және пайда болу нормасын бекіту туралы" № 219/28 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 12 қазандағы № 182/21 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5664 болып тіркелген).