Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Науырзым ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихаттың хатшысы | Г. Абенова |
| Мәслихаттың | |
| 2022 жылғы 09 маусымдағы | |
| № 134 шешіміне | |
| қосымша |
Науырзым ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
р/с № | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылына 1 есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормасы, м3 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 0,70 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,75 | |
2 | Қонақ үйлер | 1 орын | 0,52 |
3 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,29 |
4 | Мекемелер, ұйымдар, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,05 |
5 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,0013 |
6 | Ауруханалар | 1 төсек-орын | 0,65 |
7 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,16 |
8 | Мейрамханалар | 1 отыратын орын | 0,26 |
9 | Стадиондар | Жоба бойынша 1 орын | 0,01 |
10 | Спорт залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,14 |
11 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері | Сауда алаңы 1 м2 | 0,20 |
12 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,14 |
13 | Автожанармай құю станциясы | 1 машина-орын | 3,3 |
14 | Тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,10 |
15 | Моншалар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,18 |