"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 1 қорытындысы негізінде және Әйтеке би кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 2 кварталының атауы жоқ № 2 көшесіне Жаңай Құдабаев көшесі;
№ 5 кварталының атауы жоқ көшесіне Әбен Жолтаев көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Әйтеке би кентінің әкімі | К. Орынбасаров |