Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 19.05.2023 № 32/01 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 27/01 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6318 болып тіркелген) мынандай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Қарағанды облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
| Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 25/02 қаулысына қосымша |
Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің атауы | Тереңдете өңделген өнімдердің атауы | Өнім бірлігіне субсидия нормативі, теңге/килограмм |
1 | 2 | 3 |
Сүт | Сары май | 29,0 |