"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Байзақ ауданы Темірбек ауылық округінің Шахан ауылының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:
1) Мәтімқұл Сағазиев тұйық көшесі Ақсарай көшесіне;
2) Жамбыл Жабаев тұйық көшесі Тәуелсіздік көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Темірбек ауылдық | |
| округінің әкімі | А. Утебаев |