Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 30 наурыздағы қорытындысы негізінде және Ұзынбұлақ ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:
1. Ұзынбұлақ ауылдық округінің келесі көшелері қайта аталсын:
Ұзынбұлақ ауылындағы:
Карл Маркс көшесінен Байбарақ Жақсылықұлы көшесіне;
Ленин көшесінен Молдахмет Қылышбаев көшесіне;
Совет көшесінен Қашаған би көшесіне;
Абай көшесінен Абай көшесіне;
Ыдырыс Көшкінов көшесінен Ыдырыс Көшкінов көшесіне;
Қаныш Сәтбаев көшесінен Қаныш Сәтбаев көшесіне;
Құрманғазы көшесінен Құрманғазы көшесіне;
Жаңа құрылыс көшесінен Жаңа құрылыс көшесіне.
Ақсай ауылындағы:
Үйеңкі көшесінен Ыдырыс Әбдіғұлов көшесіне;
Ленин көшесінен Байбатыр Жандаров көшесіне;
Ақсай көшесінен Мырқасымбай Сағынышев көшесіне;
Карл Маркс көшесінен Ықсан Көшкінов көшесіне;
Алматы көшесінен Әбіләкім Солтанқұлов көшесіне.
Жалаулы ауылындағы:
Алматы көшесінен Малай батыр көшесіне;
Жалаулы көшесінен Жетен батыр көшесіне.
2. Ұзынбұлақ ауылдық округінің атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Ұзынбұлақ ауылындағы:
атауы жоқ көшесіне Мұқа Солтанқұлов;
атауы жоқ көшесіне Хамыт Анапияұлы.
Ақсай ауылындағы:
атауы жоқ көшесіне Төлек Жаманбалаев.
Жалаулы ауылындағы:
атауы жоқ көшесіне Мұқасали Ілебаев.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұзынбұлақ ауылдық округінің әкімі | О. ТАКАБАЕВ |