"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 06.11.2024 № 138 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарғалы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2. Қарғалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 155 "Қарғалы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5524 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелеуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қарғалы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарғалы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарғалы ауданының әкімі | А. Джусибалиев |
| Қарғалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 244 қаулысына қосымша |
Қарғалы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 25.09.2026 № 150 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту: жеке кәсіпкерге, заңды тұлғаға және/немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаға сауданы ұйымдастыру кезінде жоспарланған сауданы ұйымдастыру туралы тиісті ауылдық округ әкімдігіне алдын ала (бір жұмыс күнінен кешіктірмей) хабарлау қажет. Хабарламада міндетті түрде жеке кәсіпкердің, заңды тұлғаның атауы және/немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, өткізілетін өнімнің түрі, сауданы ұйымдастыру кезеңі, тауарды өткізуге жауапты тұлғалардың байланыс деректері (ұялы телефон нөмірі) көрсетілуі тиіс.