Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Ақмола облысы Атбасар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 01-28-477 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округінің Қосбармақ ауылы аумағында ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқталсын.
2. Ақмола облысы Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің "Қосбармақ ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 11 қарашадағы № 5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25132 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Ақан Құрманов ауылдық округінің әкімі |
А.Белялова |