Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2021 жылғы 7 шілдедегі № А-7/194 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23334 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
13-жол жаңа редакцияда жазылсын:
13 | Кемеркөл ауылы | Мектеп көшесі, 1, "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Кемеркөл ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд. |
;
25-жол жаңа редакцияда жазылсын:
25 | Малоалександровка ауылы | Абай көшесі, 23, "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Мало-Александровка ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд. |
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы Ақкөл аудан әкімі аппаратының Е.К. Дәукеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақкөл ауданының әкімі | Ю.Курушин |
"КЕЛІСІЛДІ"
|
Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен |