"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Қазынашылық департаменттері туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасының 2015 жылғы 15 қазандағы № 127 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12308 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Персоналмен жұмыс істеу басқармасы (К.Б. Арыстанбекова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы |
Р. Токбаев |