ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21198 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшадағы ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе:
Тиісті облыстық мәслихат депутаттарының саны мынадай шектерде айқындалды: халық саны алты жүз мың адамға дейін болған кезде отыз депутаттан.
Республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті мәслихаты депутаттарының саны мынадай шектерде айқындалды: халық саны бір миллион жүз мың адамға дейін болған кезде отыз депутаттан.
Есептеулерде халық саны жүз мың адамға ұлғайған кезде депутаттар саны бір бірлікке артады.
Әкімшілік-аумақтық бірлік халқының саны статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыратын және іске асыратын уәкілетті органның 2020 жылғы 1 маусымдағы деректеріне сәйкес есепке алынады.
Осы ескертпе әкімшілік-аумақтық бірлік қайта ұйымдастырылған (қосылған, біріктірілген, қайта құрылған, бөлініп шыққан немесе бөлінген) жағдайда қолданылмайды".
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының халықаралық-құқықтық және сайлау процесін ұйымдастыру бөлімдері осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының міндетін атқарушысы |
К. Петров |