БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" (пилоттық жоба) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 1084 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19445 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгермейді, орыс тілінде өзгертіледі;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері (пилоттық жоба) (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жолымен салық төлеушілерге жәрдемдесу, сондай-ақ пилоттық жобаны іске асыру тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Осы Қағидалардың шеңберінде жолданған хабарламалар ол тапсырылған (алған) күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде орындауға жатады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Комитет салық төлеушіге жоғары тәуекел дәрежесін берген соң 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
1) салық төлеуші жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған жазып берілген ЭШФ (олар болған кезде) көрсете отырып, салық төлеушінің атына хабарлама. Бұл ретте осындай ЭШФ күні 2019 жылғы бірінші қаңтардан бұрын жазылмайды;
2) ЭШФ АЖ салық төлеушінің жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылатындығы туралы хабардар ету және, егер хабарлама орындалмаған жағдайда, ЭШФ жазып беру бөлігінде ЭШФ АЖ кіруге шектеу қолданылады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттік кірістер органдары мынадай жағдайларда және мерзімдерде:
1) осындай түсіндірулер Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылмаған жағдайда, түсіндіруді талдау аяқталған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
2) осындай хабарлама орындалмаған жағдайда, хабарламаны орындау мерзімі өткеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЭШФ жазып беру бөлігінде ЭШФ АЖ қолжетімділікті шектеуді қолданады.";
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
"14-1.Мемлекеттік кіріс органдары ЭШФ жазып беру бөлігінде ЭШФ АЖ қол жеткізуді шектеуді қолданғаннан күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жібереді:
1) ЭШФ АЖ-де ЭШФ жазып беру бөлігінде ЭШФ АЖ-не қолжетімділікті осындай шектеу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану туралы, сондай-ақ хабарламаның орындалмауы туралы құлақтандыру;
2) ЭШФ деректеріне сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы болып табылатын салық төлеушінің "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасына хабарлама.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Хабарлама орындалған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары осындай хабарлама орындалғаннан күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұл туралы пилоттық жобаға қатысушыларды ЭШФ АЖ-де бір мезгілде хабардар ете отырып, ЭШФ жазып беру бөлігінде ЭШФ АЖ-не кіруге шектеуді қолдануды жояды.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |