Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 101 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 наурызда № 27180 болып тіркелді.

      "Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 22-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      министірдің м.а. Ш. Каринова

  министірдің м.а.
2022 жылғы 17 наурыздағы
№ 101 бұйрығымен
бекітілген

Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімдеу орталығы) (бұдан әрі – Жасөспірімдер үйі) туралы үлгі қағидалар "Отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары және жасөспірімдер үйлері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2-тармағы мен "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына  сәйкес әзірленді және олардың меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жасөспірімдер үйлері қызметінің тәртібі, сондай-ақ "Құжаттарды қабылдау және жасөспірімдер үйлеріне қабылдау" мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.08.2025 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2- тарау. Жасөспірімдер үйлері қызметінің тәртібі

      2. Жергілікті атқарушы органдардың шешімімен Жасөспірімдер үйі мемлекеттік мекеме нысанындағы дербес заңды тұлға ретінде құрылады және жұмыс істейді.

      3. Жасөспірімдер үйі әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан адамдардың тәрбиеленуіне, білім алуына, мамандық таңдауына көмек көрсетуге және дербес өмірге дайындалуына жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

      4. Жасөспірімдер үйі балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкімшілігімен, қорғаншылық және қамқоршылық, білім беру органдарымен, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер саласындағы уәкілетті органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

      Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйі қорғаншылық және қамқоршылық, білім беру органдарымен, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер саласындағы уәкілетті органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

      5. Жасөспірімдер үйін басқаруды балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкімшілігі балалар ауылы, балалар үйі, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат әкімшілігінің ұсынуы бойынша лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Жасөспірімдер үйінің директорымен бірлесіп жүзеге асырады. Балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкімшілігі мен Жасөспірімдер үйі директорының өзара іс-қимылы Жарғымен айқындалады.

      Дербес тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйін басқаруды "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген қағидаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) сәйкес лауазымға тағайындалатын жасөспірімдер үйінің директоры жүзеге асырады.

      6. Алып тасталды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.08.2025 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат жанындағы Жасөспірімдер үйіне қабылдау аталған ұйым басшысының бұйрығымен жүргізіледі.

      Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйіне қабылдау Жасөспірімдер үйі директорының бұйрығымен жүргізіледі.

      8. Балалар ауылдарының тәрбиеленушісін немесе балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлегін әлеуметтік бейімделуден өту үшін қабылдау кезінде жасөспірімдер үйінің әкімшілігі оны Жасөспірімдер үйінде тұру қағидаларымен, оның құқықтары мен міндеттерімен таныстырады.

      9. Балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың жанындағы Жасөспірімдер үйінде әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдардың мүдделерін осы ұйымдардың әкімшілігі білдіреді және қорғайды.

      10. Әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдар өз табысына, стипендиясына, жәрдемақыларына, өзге де әлеуметтік төлемдерге және өздері жасаған зияткерлік меншік құқығы объектілеріне дербес иелік етеді, сондай-ақ ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасайды.

      11. Жеткілікті негіздер болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан адамдарды өз табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өзі жасаған зияткерлік меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік ету құқығын шектеуі немесе одан айыруы мүмкін.

      12. Әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан адамдардың құқықтары мен міндеттері балалар ауылының әкімшілігі, балалар үйі және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат пен түлек (тәрбиеленуші) арасында жасалған Жасөспірімдер үйінде бағып-күту туралы "Отбасы үлгісіндегі балалар мен жасөспірімдер ауылдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 18 шілдедегі № 583 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1629 болып тіркелген) үлгі шарт негізінде айқындалады.

      Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйінде әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан адамдардың құқықтары мен міндеттері жасөспірімдер үйінің әкімшілігі мен балалар ауылының тәрбиеленушісі немесе балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлегі арасында жасалған Жасөспірімдер үйінде күтіп-бағу туралы шарт негізінде айқындалады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      Ескерту. Қағидалар 3-тараумен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.08.2025 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. "Құжаттарды беру және жасөспірімдер үйлеріне қабылдау" осы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Мемлекеттік қызметті психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарының тәрбиеленушілеріне және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балаларды қолдау орталықтарының түлектеріне жасөспірімдер үйлері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды тапсыру және жасөспірімдер үйлеріне қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      15. Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Қызмет беруші жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, "Наркология" психикалық денсаулық орталығы мен "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан динамикалық бақылауда болу (немесе болмауы) туралы мәліметтерді "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, мәліметтерді пайдалануға көрсетілген қызметті алушының келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      16. Құжаттарды тексеру нәтижесі бойынша қызмет көрсетуші 4 (төрт) жұмыс күні ішінде қызмет алушыны Жасөспірімдер үйіне қабылдау туралы бұйрық шығарып, Жасөспірімдер үйінде тұру туралы шарттың жасалғаны туралы хабарламаны береді.

      Жасөспірімдер үйінде тұру туралы шарттың жасалғаны туралы хабарлама қызмет берушінің кеңсесі (канцеляриясы) арқылы қолма қол беріледі.

      Осы Қағидалардың Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік–процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымнын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жолдайды.

      Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша қызмет беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсету туралы шешімді не дәлелді бас тартуды жібереді.

      17. Құжаттарды қарау және Жасөспірімдер үйінде тұру туралы шарттың жасалғаны туралы хабарламаны алу бойынша жалпы мерзім 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      18. Қызмет беруші мемлекеттік қызмет көрсетудің сатысы туралы мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес енгізуді қамтамасыз етеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. Қағидалар 4-тараумен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.08.2025 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымның қаралуын жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, шағымды қарайтын орган жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды шағымды қарайтын органға жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағым Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жүгінуге жол беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдану нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Жасөспірімдер үйі туралы
үлгілік қағидаларға
1-қосымша

"Құжаттарды қабылдау және Жасөспірімдер үйіне қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. Қағидалар 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.08.2025 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Жасөспірімдер үйі

2

Мемлекеттік қызмет көрсетутәсілдері

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз жүзінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жасөспірімдер үйіне қабылдау туралы хабарлама немесе осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығын қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) еркін нысандағы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) ата-аналары туралы мәліметті (ата-анасының қайтыс болуы, ата-ана құқықтарының шектелуі немесе олардан айрылуы, ата-анасының хабар-ошарсыз кетті деп танылуы, олардың қайтыс болды деп жариялануы, әрекетке қабілетсіз, әрекетке қабілеті шектеулі деп танылуы, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуі, ата-анасының іздестірілуі, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруы, оның ішінде ата-анасының өз баласын стационарлық үлгідегі тәрбиелеу, емдеу және медициналық-әлеуметтік мекемесінен алудан бас тартуы, сондай-ақ ата-ана қамқоршылығы болмаған өзге де жағдайлар);
4) оқу немесе жұмыс орнынан анықтаманы ұсынады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

"Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады: 1414, 8 800 080 7777.

  Жасөспірімдер үйі туралы
үлгілік қағидаларға
2-қосымша
Нысан
  Директорға _________________
  (Жасөспірімдер үйінің атауы
  директордың тегі, аты, әкесінің
аты
(ол болған жағдайда) бастап
__________________________
Отбасы үлгісіндегі балалар
ауылы, арнаулы әлеуметтік
қызметтерге мұқтаж балаларды
қолдау орталығы
тәрбиеленушісінің тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған
жағдайда) телефон:
  _________________________
  _________________________

Өтініш

      Ескерту. Қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.08.2025 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мені ____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      "___" _________________ туған жылы, Жасөспірімдер үйінде тұру үшін, өйткені мен отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушісі, арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының түлегі (қажеттісін атап өту керек) тіркеуді сұраймын. Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес "Құжаттарды қабылдау және Жасөспірімдер үйіне қабылдау" мемлекеттік қызметін алу үшін менің жеке қажетті деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.

      "____"____________________ ___________ (күні) (қолы)


Об утверждении Типовых правил о Доме юношества

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 марта 2022 года № 101. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 марта 2022 года № 27180.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 22 Закона Республики Казахстан "О детских деревнях семейного типа и домах юношества" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Типовые правила о Доме юношества.

      2. Комитету по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра образования и науки Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      и.о. министра Ш. Каринова

  Утвержден
приказом и.о. министра
от 17 марта 2022 года № 101

Типовые правила о Доме юношества

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Типовые правила о Доме юношества (центр социальной адаптации) (далее – Дом юношества) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 22 Закона Республики Казахстан "О детских деревнях семейного типа и домах юношества" и с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" (далее – Закон) и определяют порядок деятельности домов юношества независимо от их форм собственности и ведомственной подчиненности, а также порядок оказания государственных услуг "Прием документов и зачисление в Дома юношества.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции приказа Министра просвещения РК от 29.08.2025 № 198 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок деятельности домов юношества

      2. По решению местных исполнительных органов Дом юношества создается и функционирует как самостоятельное юридическое лицо в форме государственного учреждения.

      3. Дом юношества обеспечивает условия для воспитания, получения образования, оказания помощи в выборе профессии и подготовки к самостоятельной жизни лиц, проходящих социальную адаптацию.

      4. Дом юношества взаимодействует с администрацией детской деревни, детского дома, школы-интерната для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, органами опеки и попечительства, образования, с уполномоченными органами в области здравоохранения, социальной защиты населения, внутренних дел и другими организациями.

      Дом юношества, функционирующий как самостоятельное юридическое лицо, взаимодействует с органами опеки и попечительства, образования, с уполномоченными органами в области здравоохранения, социальной защиты населения, внутренних дел и другими организациями.

      5. Управление Домом юношества осуществляется администрацией детской деревни, детского дома, школы-интерната для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, совместно с директором Дома юношества, назначаемым на должность и освобождаемым от должности учредителем по представлению администрации детской деревни, детского дома, школы-интерната для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей. Взаимодействие администрации детской деревни, детского дома, школы-интерната для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, и директора Дома юношества определяется Уставом.

      Управление Домом юношества, функционирующим как самостоятельное юридическое лицо, осуществляется директором Дома юношества, назначаемый на должность в соответствии с Правилами назначения на должности и освобождения от должностей первых руководителей и педагогов государственных организаций образования, утвержденными приказом министра образования и науки Республики Казахстан от 21 февраля 2012 года № 57 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7495).

      6. Исключен приказом Министра просвещения РК от 29.08.2025 № 198 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Зачисление в Дом юношества при детской деревне, детском доме, школе-интернате для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, производится приказом руководителя этой организации.

      Зачисление в Дом юношества, функционирующий как самостоятельное юридическое лицо, производится приказом директора Дома юношества.

      8. При зачислении воспитанника детских деревень или выпускника детских домов, школ-интернатов для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, в возрасте от шестнадцати до двадцати трех лет, для прохождения социальной адаптации администрация Дома юношества знакомит его с Правилами проживания в Доме юношества, с его правами и обязанностями.

      9. Интересы лиц в возрасте от шестнадцати до восемнадцати лет, проходящих социальную адаптацию в Доме юношества при детской деревне, Детском доме, школе-интернате для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, представляет и защищает администрация этих организаций.

      10. Лица, проходящие социальную адаптацию в возрасте от шестнадцати до восемнадцати лет, самостоятельно распоряжаются своим заработком, стипендией, пособиями, другими социальными выплатами и созданными ими объектами права интеллектуальной собственности, а также совершают мелкие бытовые сделки.

      11. При наличии достаточных оснований орган опеки и попечительства может ограничить или лишить лиц, проходящих социальную адаптацию, права самостоятельного распоряжения своим заработком, стипендией, иными доходами и созданными им объектами права интеллектуальной собственности.

      12. Права и обязанности лиц, проходящих социальную адаптацию, определяются на основании Типового договора о содержании в Доме юношества, заключенного между администрацией детской деревни, детским домом и школой-интернатом для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, и воспитанником детских деревень или выпускником детских домов, школ-интернатов для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, в возрасте от шестнадцати до двадцати трех лет), утвержденного приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 июля 2001 года № 583 "Об утверждении нормативных правовых актов, регламентирующих деятельность детских деревень семейного типа и домов юношества" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1629).

      Права и обязанности лиц, проходящих социальную адаптацию в Доме юношества, функционирующем как самостоятельное юридическое лицо, определяются на основании договора о содержании в Доме юношества, заключенного между администрацией Дома юношества и воспитанником детской деревни или выпускником детских домов, школ-интернатов для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей.

Глава 3. Порядок оказания государственной услуги

      Сноска. Правила дополнены главой 3 в соответствии с приказом Министра просвещения РК от 29.08.2025 № 198 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      13. Подача документов и зачисление в Дом юношества осуществляется в соответствии с Перечнем основных требований к оказанию государственной услуги "Прием документов и зачисление в Дома юношества" согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      14. Государственная услуга "Прием документов и зачисление в Дом юношества" оказывается домами юношествами (далее – услугодатель) воспитанникам детских деревень семейного типа и выпускникам центров поддержки детей, нуждающихся в специальных социальных услугах, в возрасте от шестнадцати до двадцати трех лет, за исключением лиц, имеющих психоневрологические заболевания (далее – услугополучатели).

      Для подачи документов и зачисления в Дома юношества услугополучатели обращаются услугодателю с заявлением по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      15. Услугодатель в течение 1 (одного) рабочего дня принимает заявление по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      День приема документов не входит в срок оказания государственной услуги.

      Сведения о документах, удостоверяющих личность, о состоянии на динамическом наблюдении (либо отсутствии динамического наблюдения) с Центра психического здоровья "Наркология", Центра психического здоровья "Психиатрия" в соответствии с формой, утвержденной приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 18 мая 2020 года № ҚР ДСМ-49/2020 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в области здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20665) услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".

      Услугодатель получает согласие у услугополучателя на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах, при оказании государственной услуги, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан.

      Услугодатель получает цифровые документы из сервиса цифровых документов через реализованную интеграцию при условии согласия владельца документа, предоставленного посредством зарегистрированного на портале абонентского номера сотовой связи пользователя путем передачи одноразового пароля или путем отправления короткого текстового сообщения в качестве ответа на уведомление портала.

      При представлении услугополучателем неполного пакета документов и (или) документов с истекшим сроком действия услугодатель отказывает услугополучателю в приеме заявления.

      16. По итогам проверки документов услугодатель в течение 4 (четыре) рабочих дней выносит приказ о зачислении услугополучателя в Дом юношества и уведомление о заключении договора о содержании в Доме юношества.

      Уведомление о заключении договора о содержании в Доме юношества.

      выдается через канцелярию услугодателя нарочно.

      При выявлении оснований для отказа в оказании государственной услуги по основаниям, указанным в пункте 9 перечень основных требований к оказанию государственной услуги настоящих Правил услугодатель не позднее чем за 3 (три) рабочих дня до завершения срока оказания государственной услуги согласно статьи 73 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан (далее – АППК РК) направляет услугополучателю уведомление о предварительном решений об отказе в оказании государственной услуги, а также о времени и месте проведения заслушивания для возможности выразить услугополучателю позицию по предварительному решению.

      Процедура заслушивания проводится в соответствии со статьей 73 АППК РК.

      По результатам заслушивания услугодатель в течение 2 (двух) рабочих дней направляет решение либо мотивированный отказ в оказании государственной услуги услугополучателю.

      17. Общий срок рассмотрения документов и получения уведомления о заключении договора о содержании в Доме юношества составляет 5 (пять) рабочих дней.

      18. Услугодатель обеспечивает внесение данных в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг о стадии оказания государственной услуги в соответствии с Правилами внесения данных в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг о стадии оказания государственной услуги, утвержденными приказом и.о. Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 14 июня 2013 года № 452 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8555).

Глава 4. Порядок обжалования решений, действий (бездействия) услугодателя и (или) его должностных лиц в процессе оказания государственной услуги

      Сноска. Правила дополнены главой 4 в соответствии с приказом Министра просвещения РК от 29.08.2025 № 198 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      19. Жалоба на решение, действий (бездействия) услугодателя по вопросам оказания государственных услуг подается на имя руководителя услугодателя, в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг (далее – орган, рассматривающий жалобу), в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Рассмотрение жалобы по вопросам оказания государственных услуг производится вышестоящим административным органом, должностным лицом, органом, рассматривающим жалобу.

      Жалоба подается услугодателю и (или) должностному лицу, чье решение, действие (бездействие) обжалуются.

      Услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, не позднее 3 (трех) рабочих дней со дня поступления жалобы направляют ее в орган, рассматривающий жалобу.

      При этом услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, не направляет жалобу в орган, рассматривающий жалобу, если он в течение 3 (трех) рабочих дней примет решение либо административное действие, полностью удовлетворяющие требования, указанные в жалобе.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес органа, рассматривающего жалобу, подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Если иное не предусмотрено законом, обращение в суд допускается после обжалования в досудебном порядке в соответствии с пунктом 5 статьи 91 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

      В случаях несогласия с решением принятом по результатам обжалования оказания государственной услуги услугополучатель обращается в суд в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

  Приложение 1
к Типовым правилам
о Доме юношества

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги
"Прием документов и зачисление в Дома юношества"

      Сноска. Правила дополнены приложением 1 в соответствии с приказом Министра просвещения РК от 29.08.2025 № 198 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

1

Наименование услугодателя

Дома юношества

2

Способы предоставления государственной услуги

канцелярия услугодателей

3

Срок оказания государственной услуги

с момента сдачи документов услугодателю 5 (пять) рабочих дней

4

Форма оказания государственной услуги

Бумажная

5

Результат оказания государственной услуги

Уведомление о зачислении в Дом юношества либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги, по основаниям, предусмотренных пунктом 9 требований к оказанию государственной услуги.

6

Размер платы, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Бесплатно

7

График работы услугодателя, Государственной корпорации и объектов информации

услугодателя с 09.00 до 18.00 часов с перерывом на обед с 13.00 до 14.00 часов, за исключением выходных и праздничных дней, в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан.

8

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги

1) заявления в произвольной форме;
2) документ, удостоверяющий личность либо электронный документ из сервиса цифровых документов (требуется для идентификации личности);
3) сведения о родителях (смерть родителей, ограничение или лишение их родительских прав, признание родителей безвестно отсутствующими, объявление их умершими, признание недееспособными, ограниченно дееспособными, отбывание родителями наказания в местах лишения свободы, розыск родителей, уклонение родителей от воспитания ребенка или от защиты его прав и интересов, в том числе при отказе родителей взять своего ребенка из воспитательного, лечебного и медико-социального учреждения стационарного типа, а также иные случаи отсутствия родительского попечения);
4) справка с места учебы или работы.

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законами Республики Казахстан

1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным настоящими Правилами.
3) отсутствие согласия услугополучателя, предоставляемого в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", на доступ к персональным данным ограниченного доступа, которые требуются для оказания государственной услуги.

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме

Информацию о порядке и статусе оказания государственной услуги услугополучатель получает посредством Единого контакт-центра: 1414, 8 800 080 7777.

 
  Приложение 2
к Типовым правилам
о Доме юношества
Форма
Директору
____________________________
(наименование Дома юношества
фамилия, имя, отчество
(при его наличии)
от _________________________
фамилия, имя, отчество (при его
наличии) воспитанника детской
деревни семейного типа, центра
поддержки детей, нуждающихся
в специальных социальных услугах
телефон: ___________________

Заявление

      Сноска. Правила дополнены приложением 2 в соответствии с приказом Министра просвещения РК от 29.08.2025 № 198 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Прошу зачислить меня ____________________________________________________
                                    (фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      "_______" ____________________ года рождения, в дом юношества для проживания, так как являюсь воспитанником детской деревни семейного типа, выпускником центра поддержки детей, нуждающихся в специальных социальных услугах (нужное подчеркнуть).

      Даю согласие на сбор и обработку моих персональных данных, необходимых для получения государственной услуги "Прием документов и зачисление в Дома юношества", в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите".

      "_______"____________________ __________________
                  (дата)                   (подпись)