БҰЙЫРАМЫН:
1. "Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 927 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21302 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Бөлшек сауданы жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын талаптар:
1) ЭЦҚ болуы;
2) ЭЦҚ қойылған, оның ішінде ТТҚ АЖ жеке кабинеті арқылы ТТҚ АЖ-да таңбаланған темекі өнімдерін айналымы және (немесе) айналымнан шығару туралы мәліметтерді қалыптастыру және беру БАК-тың болуы;
3) бұйрыққа сәйкес тіркелген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының болуы;
4) көрсетілген қаражат болған жағдайда, бақылау-касса машинасымен қосылған темекі өнімдерінің сәйкестендіру құралдарын сканерлеу және тану құралдарының болуы;
5) әрбір өткізілген бірлік бойынша бақылау-касса техникасын пайдалана отырып, таңбаланған темекі өнімдерін айналымнан шығару туралы мәліметтерді беру бойынша Азаматтық кодекстің 22, 23 және 24-тарауларына сәйкес фискалдық деректер операторымен жасалған шарттың болуы.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Таңбаланған темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырған күннен бастап темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын айналымға қатысушылар:
1) темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізумен байланысты қызметті жүзеге асыру қажеттілігі туындаған күннен бастап ТТҚ АЖ-да өзін тіркеуді жүзеге асырады;
2) ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен бастап күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн ішінде Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсіне қойылатын талаптарға сәйкес ТТҚ АЖ-мен ақпараттық өзара іс-қимылға БАК-нің (болған кезде) дайын болуын қамтамасыз етеді;
3) көрсетілген қаражат болған жағдайда, ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен бастап күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн ішінде DataMatrix екі өлшемді кодын оқу мүмкіндігіне сәйкестендіру құралдарын сканерлеу және тану құралдарын тексеруді жүргізеді;
4) осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес осы Қағидалардың 57-тармағында көрсетілгеннен өзгеше себептер бойынша темекі өнімдерін айналымнан шығару туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға енгізеді.";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Темекі өнімдерін алуды Қабылдау/беру актісі тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қабылдау/беру актісі бойынша айналымға қатысушы жүзеге асырады, оған ЭЦҚ қол қояды және ТТҚ АЖ-ға жіберіледі.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Темекі өнімдерін қабылдау кезінде алшақтықтар анықталған жағдайда, айналымға қатысушы анықтаған алшақтықтар туралы хабарлама қалыптастырады және бұрын жөнелтілген Қабылдау/беру актісіне тиісті өзгерістер енгізу үшін оны тиеп жөнелтуді жүзеге асырған айналымға қатысушыға жіберед немесе оны қабылдамайды.
Қабылдау/беру актісін қабылдамаған жағдайда айналымға қатысушы жаңа Қабылдау/беру актісін жазады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, жөнелтуші ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен кейін бес жұмыс күні ішінде, бірақ жаңасын ресімдемей, айналымға қатысушы растаған сәтке дейін Қабылдау/беру актісін кері қайтарып ала алады.";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын айналымға қатысушы оларды ТТҚ АЖ-ға қабылдағаны туралы мәліметтер мынадай тәсілдердің бірі:
1) өзінде орнатылған бақылау-касса машинасымен ұштасқан, сатылатын өнімнің қаптамасына техникалық құралдармен басылған сәйкестендіру құралын сканерлеу және тану;
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша темекі өнімдерін айналымнан шығару туралы хабарламаны өткізу (сату) күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмейтін мерзімде ТТҚ АЖ-ға ұсыну арқылы расталған жағдайда ғана оларды айналымнан шығаруды жүзеге асырады.";
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"57. Бөлшек саудада сату кезінде ТТҚ АЖ-да темекі өнімдерінің айналымынан шығару мынадай негіздердің бірі болған кезде:
1) Фискалдық деректер операторынан алынған, осы Қағидалардың 56-тармағында көрсетілген мәліметтердің негізінде;
2) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын айналымның қатысушысы ТТҚ АЖ-ға ұсынған айналымнан шығару туралы хабарлама негізінде;
3) темекі өнімдерін бөлшек сауда да жүзеге асыратын айналымға қытысушы ТТҚ АЖ-ға ұсынған Қабылдау/беру актісін растау туралы мәліметтердің негізінде, алынған темекі өнімдерінің айналымынан автоматты түрде шығуға айналымға қытысушының келісімі туралы ТТҚ АЖ-да тиісті белгі болған және осы тармақтың 1) немесе 2) тармақшаларында көрсетілген тауарларды айналымнан шығару туралы ақпарат ТТҚ АЖ-да болмаған кезде жүзеге асырылады.";
58-тармақ алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |