"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 27 қазандағы № 15-41/534 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Бруцеллез ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Сулыкөл ауылдық округі Сулыкөл ауылының М.Мақатаев, Б.Аманшин, Ж.Жабаев, А.Құнанбаев көшелері тұрғындарының 54 жеке ауласында және "Игілік-АН", "Әділбек", "Әділғазы", "Тотай" шаруа қожалықтарының аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Сулыкөл ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 19 қарашадағы № 17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6473 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің оны ресми жариялағаннан кейін Қаратөбе ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округінің әкімі |
Б. Зайнуллин |