Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылдық округі әкімінің 12.04.2021 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 14-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 01-26/30 ұсынысына сәйкес, Бозанбай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ұлан ауданы Бозанбай ауылдық округі "Куандык" шаруа қожалығының ірі қара малынан қарасан ауруы шығуына байланысты ірі қара малдарына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Бозанбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртіпте:
1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін Ұлан ауданының аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы шешімді оның ресми жариялағаннан кейін Ұлан ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Бозанбай ауылдық округінің әкімі | Ж. Мухтаров |