Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округі әкімінің 28.12.2021 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабының 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 25 маусымдағы № 841 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Сарыөлең ауылдық округінің мүйізді ұсақ малдары орналасқан ШҚО Күршім ауданы кадастры 05-072-010 Қарағаш теліміне бруцеллез ауруына шектеу қойып, іс-шаралары белгіленсін.
2. "Сарыөлең ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
ШҚО Күршім ауданының Сарыөлең ауылдық округінің әкімі |
С. Аксартов |