Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі әкімінің 11.10.2021 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 424 ұсыныс хаты негізінде Қалжыр ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округіне қарасты № 2 "Жырғалаң" телімінде орналасқан Ж. Азимбаевтың "Жаз" шаруа қожалығының иелігіндегі ірі қара мүйізді малдары арасында сарып ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін;
2. "Қалжыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
ШҚО Күршім ауданының Қалжыр ауылдық округінің әкімі |
К. Кизатов |