ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 07 шілдедегі № 654 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты "Ш-Табиғат" шаруа қожалығына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Зайсан ауданының Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің "Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты "Ш-Табиғат" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 04 мамырдағы № 4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8734 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. "Қарабұлақ ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі | А. Итжанов |