ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекеме басшысы міндетін атқарушысының 2021 жылғы 18 маусымдағы № 476 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдардың арасынан құтыру ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Аршалы ауылындағы "Жарқын" шаруа қожалығынан шектеу іс – шаралары алынсын.
2. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Аршалы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 7 "Жарма ауданы Аршалы ауылдық округіне қарасты "Жарқын" шаруа қожалығына шектеу іс шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8679 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Аршалы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аким Аршалинского сельского округа | М. Касымханов |