ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Темір жол көлігі туралы" Заңының 14-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 703 "Теміржол вокзалы кешенінің және кейбір теміржол станцияларының атауларын және кейбір теміржол станциялары атауларының транскрипциясын өзгерту туралы" қаулысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Темір жол көлігінің әлеуметтік мәні бар ауданаралық жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 34/401-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2562, 2012 жылғы 9 қаңтардағы "Дидар", 2012 жылғы 10 қаңтардағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Өскемен-1-Риддер", "Өскемен-1-Алтай", "Өскемен-1-Жалаңашкөл", "Семей-Жалаңашкөл" маршруттары бойынша темір жол көлігінің әлеуметтік мәні бар ауданаралық жолаушылар қатынасының тізбесі бекітілсін.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | А. Анчугин |
|
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
Д. Рыпаков |