Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 04.07.2024 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Қағидаларын бекіту туралы" Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 4 қарашадағы № 253 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5240 болып тiркелген) өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Қағидаларында:
31-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"31. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектілерін Комиссия кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын мынадай талаптарға (өлшемшарттарға) сәйкес айқындайды:
1) кепілдікке қойылатын мүліктің немесе банк кепілдігінің болуы;
2) өтінімді қарау кезінде банкроттық немесе тарату сатысында болмауы;
3) өтінімді қарау кезінде жосықсыз өнім берушілер тізілімінде болмауы.".
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Түркістан облысының әкімі | У. Шукеев |