Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, Смирново ауылы халқының пікірін ескере отырып, 2020 жылғы 29 желтоқсандағы Солтүстік Қазақстан облысы ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі Смирново ауылы көшелерінің атауы
Бірінші көшені – Жаңа тұрмыс көшесі;
Екінші көшені – Шаховский көшесі;
Үшінші көшені – Қауданды көшесі;
Төртінші көшені – Бозарал көшесі;
Бесінші көшені – Жаңажол көшесі;
Куйбышев көшесін – Қайсар Таштитов көшесі;
Пионерская көшесі – Әлия Молдағұлова көшесі;
Павлик Морозов көшесі – П.Филиппенко көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округінің әкімі |
А. Хамзин |