Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Май аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 шілдедегі "Павлодар облысы Май ауданының елді мекендерінде жер телімдер үшін бағалау аймақтарының шекараларын және төлемақы базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" № 5/50 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4657 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 5, 11 - қосымшалары осы шешімнің 1, 2 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Май аудандық мәслихатының сессия төрағасы | К. Тусупбекова |
| Май аудандық маслихатының хатшысы | Г. Арынов |
| Май аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 1/2 Шешіміне 1-қосымша |
|
| Май аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 шілдедегі № 5/50 шешіміне 5-қосымша |
Май ауданы Қаратерек ауылдық округі елді мекендер жеріне бағалау аймақтары
шекараларының және түзету коэффициенттерінің сұлбасы

| Май аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 1/2 шешіміне 2-қосымша |
|
| Май аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 шілдедегі № 5/50 шешіміне 11-қосымша |
Май ауданы Саты ауылдық округі елді мекендер жеріне бағалау аймақтары
шекараларының және түзету коэффициенттерінің сұлбасы


