Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы "Ақсу қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5319 болып тіркелген) № 1006/11 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Ақсу қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Каппасовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақсу қаласының әкімі | Ж. Шугаев |