Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 23.11.2023 № 55 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін).
Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 386 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9459 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) барлық санаттағы мүгедектерге, олардың санаторийлерге және оңалту орталықтарына жол жүруімен кері қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, 5 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;";
7-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"7) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай, 1000000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;";
14-тармақ 2) тармақшасы алынып тасталсын;
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"15. Кұжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихаттың хатшысы | Г. Абенова |