"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Қостанай облысы Амангелді ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің "Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2019 жылғы 24 мамырдағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8483 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Амангелді ауданының Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Амангелді ауылдық округінің әкімі | Г. Жандильдина |