"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №3 қорытындысына сәйкес Төменарық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылдық округі, Төменарық ауылындағы атауы жоқ көшеге "Іскендір Құдияров" есімі берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ауылдық округі әкімі | Н. Кошкарбеков |