"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28-бабының 6-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Осакаров аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп Осакаров ауданының аумағында барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Осакаров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 наурыздағы "Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына және мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" № 13/02 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5222 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы В. Абилсеитоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Осакаров ауданының әкімі | Н. Кобжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Осакаров аудандық
сайлау комиссиясы
| Осакаров ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 48/01 қаулысына қосымша |
Осакаров ауданының аумағында барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 18.10.2024 № 91/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Елді мекен атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
1 | Осакаровка кенті | Қарағанды көшесіндегі ақпараттық стенд |
2 | Молодежный кенті | Комаров көшесіндегі ақпараттық стенд (№ 26 орта мектебінің аумағы) |
3 | Ақбұлақ ауылы | Центральная көшесіндегі ақпараттық стенд |
4 | Батпақты ауылы | Абай көшесіндегі ақпараттық стенд |
5 | Аманқоңыр ауылы | Бейбітшілік көшесіндегі ақпараттық стенд |
6 | Николаевка ауылы | Центральная көшесіндегі ақпараттық стенд |
7 | Қарағайлы ауылы | Кооперативная көшесіндегі ақпараттық стенд |
8 | Озерное ауылы | Абай көшесіндегі ақпараттық стенд |
9 | Пионерское ауылы | Центральная көшесіндегі ақпараттық стенд |
10 | Есіл ауылы | Литвинская көшесіндегі ақпараттық стенд |
11 | Сұңқар ауылы | Олимпийская көшесіндегі ақпараттық стенд |
12 | Садовое ауылы | Болашақ көшесіндегі ақпараттық стенд |
13 | Шұңқыркөл ауылы | Тәуелсіздік көшесіндегі ақпараттық стенд |
14 | Трудовое ауылы | Юбилейная көшесіндегі ақпараттық стенд |
15 | Қаракөл ауылы | Школьная көшесіндегі ақпараттық стенд |
16 | Маржанкөл ауылы | Мира көшесіндегі ақпараттық стенд |
17 | Сарыөзек ауылы | Дінмұхамед Қонаев көшесіндегі ақпараттық стенд |
18 | Ертіс ауылы | Казахстанская көшесіндегі ақпараттық стенд |
19 | Родниковское ауылы | Сарыарқа көшесіндегі ақпараттық стенд |
20 | Қаратомар ауылы | Әл Фараби көшесіндегі ақпараттық стенд |
21 | Мирное ауылы | Мира көшесіндегі ақпараттық стенд |
22 | Жұлдыз ауылы | Қаныш Сәтбаев көшесіндегі ақпараттық стенд |
23 | Шідерті ауылы | Мира көшесіндегі ақпараттық стенд |