Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 08/01 "Арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5700 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 7 ақпанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Н.Р. Бикеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қараганды қаласының әкімі | Е. Булекпаев |