Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 ақпандағы № 45 қаулысына "Жамбыл облысында 2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 152995) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасымен бекітілген Жамбыл облысы бойынша 2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерлемесіндегі:
10 тармақ Шу ауданында 2021 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері, "Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар" бөлігінде:
14,15 жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
"
14 | "Ерке-Есіл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Нұршуақ" бөбекжай- бақшасы | 100 | 41549 | 6000 |
15 | "Амира Ханшайым" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Дария" балабақшасы | 100 | 41549 | 6000 |
";
мынадай мазмұндағы 16 жолмен толықтырылсын:
"
16 | "Аяла" бөбекжай-бақшасы | 85 | 41549 | 6000 |
";
11- тармақ Тараз қаласында 2021 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері, "Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар (шағын орталықтар)":
толық күндік шағын орталықтар жолы жаңа редакцияда жазылсын:
"
Толық күндік шағын орталықтар | 1400 | 38023 | 8750 |
".
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жамбыл облысының әкімі | Б. Сапарбаев |