Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 08.10.2025 № 219 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мәртөк ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 206 "Мәртөк ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн, атаулары мен индекстерін бекiту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6223 тіркелген, 2019 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының орыс тіліндегі 5 тармағы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.";
Қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
көрсетілген қаулының қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Мәртөк аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәртөк ауданының әкімі | А. Салыкбаев |
| Мәртөк ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 46 қаулысына қосымша |
Мәртөк ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№ | Автожолдыңиндексі | Автожолдыңатауы | Жалпыұзындығы, шақырым |
1 | KD-МА-1 | "Мәртөк-Дмитриевка-Байторысай-Полтавка" 0-44,275 км | 44,275 |
2 | KD- МА -2 | "Мәртөк-Ақтөбе тас жолынан Вознесеновка-Жаңажол" 0-33 км | 33 |
3 | KD- МА -3 | "Байторысай-Шевченко-Қызылжар-Бөрте" 0-43,825 км | 43,825 |
4 | KD- МА -4 |
"Достық ауылына кіре беріс" | 12 |
5 | KD- МА -5 |
"Мәртөк-Қаратаусай-Аққайың" | 44 |
6 | KD- МА -6 | "Жайсаң-Көкпекті" 0-7 км | 7 |
7 | KD- МА -7 | "Құрмансай-Шанды-Егізата" 0-39 км | 39 |
8 | KD- МА -8 |
"Құрмансай ауылына кіре беріс" | 28,315 |
9 | KD- МА -9 | "Покровкаауылынакіреберіс" 0-9,1 км | 9,1 |
10 | KD- МА -10 | "Мәртөк-Ақтөбе тас жолынан Қаратоғай ауылына кіре беріс" 0-6 км | 6 |
11 | KD- МА -11 | "Мәртөк-Ақтөбе тас жолынан Мәртөк ауылына кіре беріс" 0-6 км | 6 |
12 | KD- МА -12 | "Жайсаң ауылына кіре беріс" 0-3,21 км | 3,21 |
13 | KD- МА -13 | "Сарыжар ауылына кіре беріс" 0-4,56 км | 4,56 |
Барлығы | 280,285 | ||