ШЕШТІ:
1. Облыстық мәслихатының 2021 жылғы 24 ақпандағы № 16 "Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8075 тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың Қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жануарларды жаю және айдап өту учаскелерін айқындау кезінде жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 245-бабына сәйкес, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге қол сұғылмаушылық қамтамасыз етіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихаттың хатшысы | А. Нугманов |