"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қорғалжын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қорғалжын ауданы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындарын белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" 2015 жылғы 18 наурыздағы №43 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4705 болып тіркелген), "Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы №43 "Үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындарын белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 14 мамырдағы №А-5/91 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7182 болып тіркелген) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қорғалжын ауданы әкімі | Б.Жанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
|
Қорғалжын аудандық сайлау комиссиясының төрағасы |
Қ.А.Тюлеубаев |