"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспесі жаңа редакцияда - Жақсы ауданы әкімдігінің 04.10.2024 № a-10/165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жақсы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жақсы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 02.12.2025 № а-10/272 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жақсы ауданы әкімі | А.Кадралина |
| Жақсы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қазандағы № а-7/182 қаулысына қосымша |
Жақсы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 17.07.2025 № А-6/100 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2025 № а-10/281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
№ | Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары | Қызмет саласы | Алатын алаңы | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі | Жақын орналасқан инфрақұрылым |
1 | Жақсы ауылы Тәуелсіздік 22 көшесі, аялдаманың жанында | Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар | 15 шаршы метрден 3 орын | 5 жыл | ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ |
2 | Жақсы ауылы Тәуелсіздік 2 көшесі, мешіт ғимаратының жанында | Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар | 5 шаршы метрден 2 орын | 5 жыл | ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ |
3 | Жақсы ауылы Тәуелсіздік 29 А көшесі, Ақмола облысы ветеринария басқармасының "Жақсы ауданының ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жанында | Азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар | 5 шаршы метрден 2 орын | 5 жыл | ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ |
4 | Жақсы аулы Тәуелсіздік 18Б көшесі, бөлшектер дүкенінің жанында | Азық-түлік/азық-түлікеместауарлар | 18 шаршы метрден 1 орын | 5 жыл | ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ |
5 | Жақсы аулы Дружба көшесі, аудан әкімдігіне қарама қарсы | Азық-түлік/азық-түлікеместауарлар | 7 шаршы метрден 15 орын | 5 жыл | ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ |