Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 07.10.2026 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 340-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
|
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
С. Брекешев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 373 бұйрығына 1-қосымша |
Иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 07.10.2026 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 340-бабының 5-тармағына, 388-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және:
сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті емес қалдықтарды;
сот шешімімен республикалық немесе коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аумақтық бөлімше – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі;
2) аумақтық орган – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы;
3) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) – астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
4) жойылуы қиын органикалық ластағыштар (бұдан әрі – ЖҚОЛ) – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген, ыдырауға төзімді, биожинақталумен сипатталатын және ауа, су арқылы трансшекаралық тасымалдау объектісі және көшпелі түрлер болып табылатын, сондай-ақ құрлық экожүйелерінде және су экожүйелерінде жинақтала отырып, өздерінің шығарылу көзінен алыс қашықтықта шөгетін, тірі организмдердің иммундық, эндокриндік жүйелерінің бұзылуын және онкологиялық ауруларды қоса алғанда, әртүрлі аурулар тудыратын неғұрлым қауіпті органикалық қосылыстар;
5) қалдықтарды кәдеге жарату – қалдықтарды қайта өңдеуден басқа өзге де мақсатта, оның ішінде жылу немесе электр энергиясын алу, әртүрлі отын түрлерін өндіру үшін қайталама энергетикалық ресурс ретінде пайдалану, сондай-ақ құрылыс салу, жердегі немесе жер қойнауындағы қазылған кеңістіктерді (бос жерлерді) толтыру (салу, көму) мақсатында немесе ландшафтарды жасау немесе өзгерту кезінде инженерлік мақсатта қайталама материалдық ресурс ретінде пайдалану процесі;
6) қауіпті қалдықтар – сот шешімімен республикалық немесе коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтар, оның ішінде ЖҚОЛ;
7) қауіпті қалдықтарды зерттеу – сот шешімімен мемлекеттік меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шара: қауіпті қалдықтарды зертханалық зерттеу, қауіпті қалдықтардың қасиеттерін зерделеу, қауіпті қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін айқындау, қауіпті қалдықтардың санын (көлемін) айқындау, Кодекстің 343-бабына сәйкес қауіпті қалдықтардың паспортын жасау;
8) қауіпті қалдықтарды зерттеу жөніндегі есеп – зертханалық зерттеулер хаттамалары мен қауіпті қалдықтар паспорттарын қоса бере отырып, қауіпті қасиеттер туралы, қауіпті қалдықтардың қоршаған ортаға әсері туралы, сандық сипаттамалары туралы ақпаратты (мәліметтерді) қамтитын тексеру нәтижелері бойынша есеп;
9) қауіпті қалдықтарды жою – қалдықтарды көмуге немесе құртуға дайындау жөніндегі (оның ішінде, оларды сұрыптау, өңдеу, залалсыздандыру жөніндегі) қосалқы операцияларды қоса алғанда, қалпына келтіру болып табылмайтын, қалдықтарды көму немесе құрту жөніндегі кез келген операция;
10) қауіпті қалдықтардың орналасқан жері – қауіпті қалдықтарды сақтау, орналастыру немесе өтеусіз жауапты сақтау жүзеге асырылатын аумақ, алаң, ғимарат немесе құрылыс;
11) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;
12) Оператор – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қағидатын іске асыру мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған мемлекеттік кәсіпорын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам;
13) қауіпті қалдықтарды басқару – сот шешімімен республикалық немесе коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды зерттеу, жинау, қаптау (қайта қаптау), тасымалдау, сақтау, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою жөніндегі іс-шаралар;
14) өнім беруші – осы Заңда көзделген жағдайларда тапсырыс берушімен жасасқан шартта оның тарапы ретінде әрекет ететін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум), сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлға;
15) уәкілетті орган – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган.
Өзге ұғымдар мен қысқартулар Қағидаларда Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында айқындалған мағынада пайдаланылады.
3. Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған, құрамында ЖҚОЛ бар қалдықтарға халықаралық конвенциялардың (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 маусымдағы № 259 Заңымен ратификацияланған Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 20 наурыздағы № 239 Заңымен ратификацияланған Халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісім рәсімі туралы Роттердам конвенциясы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 ақпандағы № 389 Заңы, Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясы) ережелері қолданылады.
2 тарау. Қауіпті емес қалдықтарды басқару тәртібі
4. Иесіз қауіпті емес қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Қауіпті емес қалдықтарды кәдеге жаратқаннан және (немесе) жойғаннан кейін қауіпті емес қалдықтар объектілері орналастырылған аумақтарды рекультивациялауды Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар жүргізеді.
3-тарау. Қауіпті қалдықтарды республикалық және (немесе) коммуналдық меншікке беру тәртібі
6. Кодекстің 340-бабының 3-тармағына сәйкес аумақтық орган немесе ЖАО өз аумағындағы иесіз қалдықтарды анықтайды.
7. Иесіз қалдықтар анықталғаннан кейін ЖАО немесе аумақтық орган 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органды хабардар етеді.
8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен бекітілген "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 8-тармағына сәйкес ЖАО немесе аумақтық орган иесіз қалдықтар анықталғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде қалдықтардың көлемі мен қауіптілік сыныбын көрсете отырып, қауіпті қалдықтарды иесіз деп тану және оларды республикалық және коммуналдық меншікке беру туралы талаппен сотқа жүгінеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21934 болып тіркелген).
9. Аумақтық органдар және (немесе) ЖАО осындай қауіпті қалдықтарды иесіз деп тану және республикалық немесе коммуналдық меншікке беру туралы сот отырыстарына қатысады.
10. Мұндай қауіпті қалдықтарды иесіз деп тану және республикалық меншікке беру туралы мәселені сотта қарау кезінде ЖАО немесе аумақтық орган қауіпті қалдықтарды 1, 2, 3-қауіптілік сыныбына республикалық меншікке беру, қауіпті қалдықтарды 4-қауіптілік сыныбына коммуналдық меншікке беру туралы сот алдында өтініш жасайды, істің нақты мән-жайларын ескере отырып, сот республикалық немесе коммуналдық меншікке беру жөніндегі түпкілікті шешімді қабылдайды.
11. Қауіпті қалдықтарды иесіз деп тану және республикалық немесе коммуналдық меншікке беру туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде ЖАО құрамына уәкілетті органның немесе оның аумақтық органының, ЖАО және аумақтық бөлімшенің өкілдері кіретін комиссия құрылады.
Комиссияның жұмысы басталған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде комиссия қауіпті қалдықтар анықталған жерге баруды жүзеге асырады және сот шешімімен иесіз деп танылған және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық немесе коммуналдық меншікке түскен иесіз қауіпті қалдықтарды қабылдау актісін жасайды.
Комиссия республикалық немесе коммуналдық меншікке қабылданған қауіпті қалдықтарды өтеусіз сақтауға беруді сот шешімімен иесіз деп танылған және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық немесе коммуналдық меншікке келіп түскен қауіпті қалдықтарды өтеусіз сақтауға беру туралы акт жасау арқылы жүзеге асырады.
12. Қауіпті қалдықтарды республикалық немесе коммуналдық меншікке қабылданған күннен бастап оларды кәдеге жарату және (немесе) жою күніне дейін өтеусіз сақтауды ЖАО қамтамасыз етеді.
4-тарау. Қауіпті қалдықтарды басқару тәртібі
13. Оператордың қауіпті қалдықтарды басқаруы Кодекске сәйкес оның банктік шотына кәдеге жарату төлемі түрінде өндірушілер мен импорттаушылардан түсетін қаражат есебінен қаржыландырылады.
14. Оператор уәкілетті органмен келісім бойынша жыл сайын 1 тамызға дейінгі мерзімде келесі жылға жұмыстардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің түрін, қауіпті қалдықтар туралы жұмыстардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің атауын, санын (көлемін), орналасқан жерін және өзге де қолда бар мәліметтерді айқындайды.
15. Сот шешімі бойынша коммуналдық меншікке түскен қауіпті қалдықтарды басқаруды ЖАО жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырады.
16. Оператор немесе ЖАО жоспарланатын кезеңге қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шараларды қаржыландырудың қажетті көлемін қалыптастыру мақсатында қауіпті қалдықтарды зерттеуді және (немесе) жинауды, және (немесе) қаптауды (қайта қаптауды), және (немесе) тасымалдауды, және (немесе) сақтауды, және (немесе) залалсыздандыруды, және (немесе) кәдеге жаратуды, және (немесе) жоюды жүзеге асыруға арналған баға ұсыныстарын жинауды және талдауды жүзеге асырады.
17. Оператор сот шешімі бойынша республикалық меншікке түскен қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шараларды қаржыландырудың кәдеге жарату төлемдері есебінен қалыптастырылған көлемін жоспарланатын кезеңге арналған Оператордың инвестициялық саясатына, даму жоспарына және жылдық бюджетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында және жоспарлау процесін реттейтін Оператордың ішкі актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде енгізеді.
18. Уәкілетті орган инвестициялық саясат пен даму жоспарын келіскеннен кейін, сондай-ақ Оператордың Директорлар кеңесі көрсетілген құжаттарды бекіткеннен кейін, Оператор Заңға және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасымен, сондай-ақ Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына, сатып алу процесін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес қажетті рәсімдерді жүргізеді.
19. Заңға сәйкес қауіпті қалдықтар зерттеу жүргізілген сәттен бастап 3 (үш) жыл ішінде жойылмаған жағдайда, олардың санын (көлемін, массасын) нақтылау жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
20. Қауіпті қалдықтарды зерттеу бойынша қызметтер көрсетуді көздейтін шарт жасалған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Оператордың немесе ЖАО өкілдері уәкілетті органның немесе оның аумақтық органының және өнім берушінің өкілдерімен бірлесіп қауіпті қалдықтардың орналасқан жеріне шығуды жүзеге асырады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпті қалдықтарды зерттеу үшін, қауіпті қалдықтарға қол жеткізу туралы акт жасайды.
21. Қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою жөніндегі қызметтер көрсетуді көздейтін шарт жасалған күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде Оператор немесе ЖАО шартта көрсетілген өнім берушінің электрондық пошта мекенжайына қауіпті қалдықтар паспортының көшірмелерін жібереді.
22. Қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою жөніндегі қызметтер көрсетуді көздейтін шарт бойынша Оператордың немесе ЖАО өкілдері аумақтық органның (келісім бойынша) және өнім берушінің өкілдерімен бірлесіп:
қызметтер көрсету басталғанға дейін қауіпті қалдықтарды өнім берушіге беру үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратуға және (немесе) жоюға қабылдау-беру актісін жасай отырып, қауіпті қалдықтардың орналасқан жеріне;
қауіпті қалдықтарды жабдықта (қондырғыда) және (немесе) полигонда залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою кезеңдерінің бірінде болу үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасай отырып;
қауіпті қалдықтарды әкету аяқталғаннан кейін қауіпті қалдықтардың бұрынғы орналасқан жеріне – қауіпті қалдықтардың болуы немесе болмауы тұрғысынан көзбен шолып қарау үшін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасай отырып, шығуды жүзеге асырады.
Шығу жүзеге асырылғанға дейін 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын Оператор немесе ЖАО аумағында қауіпті қалдықтарды өтеусіз сақтау жүзеге асырылатын тұлғаға қауіпті қалдықтарға рұқсат ұсыну қажет өнім берушінің өкілдерінің деректерін көрсете отырып хабарлама жібереді.
23. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу шеңберінде көрсетілген қызметтердің қорытындылары бойынша Операторға немесе ЖАО-ға көрсетілген қызметтер актісін мынадай құжаттарды қоса бере отырып жібереді:
қауіпті қалдықтарды зерттеу жағдайында – қауіпті қалдықтарды зерттеу жөніндегі есепті;
қауіпті қалдықтарды жинау, тасымалдау, сақтау, залалсыздандыру, кәдеге жарату, жою жағдайында – көрсетілген қызметтер туралы есепті.
24. Қауіпті қалдықтарды сақтау, кәдеге жарату және жою кезінде қажет болған жағдайда оларды қаптау (қайта қаптау) жүзеге асырылады.
25. Оператор немесе ЖАО аумақтық орган өкілдерінің қатысуымен (келісім бойынша) жыл сайын 1 қазаннан кешіктірмей қауіпті қалдықтардың орналасқан жеріне шығуды жүзеге асырады, қауіпті қалдықтарды көзбен шолып қарауды жүргізеді, оның қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасайды және актіге қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органға жібереді.
26. Республикалық немесе коммуналдық меншікке түскен қауіпті қалдықтар орналастырылған аумақтарды олар кәдеге жаратылғаннан және (немесе) жойылғаннан кейін рекультивациялауды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарына сәйкес жүргізеді.
| Иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан |
Сот шешімімен иесіз деп танылған және республикалық немесе коммуналдық меншікке түскен қауіпті қалдықтарды қабылдау актісі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 07.10.2026 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"___"___________20____ ж. ______________________
(актіні жасау орны)
Комиссия құрамында:
__________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
(соттың атауы, азаматтық істің нөмірі, шешім күні)
сотының заңды күшіне енген шешіміне сәйкес, республикалық немесе коммуналдық меншікке мынадай қауіпті қалдықтар қабылданғаны туралы сот шешімімен иесіз деп танылған және ___________________ (республикалық немесе коммуналдық) меншікке түскен қауіпті қалдықтарды қабылдаудың осы актісін жасады:
№ р/с | Қауіпті қалдықтардың атауы | Сот актісіне сәйкес қауіпті қалдықтардың саны (салмағы немесе көлемі) | Қабылдау күніне қауіпті қалдықтардың орналасқан жері | Қауіпті қалдықтардың жай-күйінің сипаттамасы (сұйық немесе қатты | Қауіпті қалдықтардың ыдысының, қаптамасының сипаттамасы (түрі, саны, жай-күйі) | Комиссияның пікірі бойынша сипаттауға жататын қауіпті қалдықтардың өзге де сипаттамалары |
Комиссия мүшелері: _______________________ _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
_______________________ _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
_______________________ _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
| Иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Сот шешімімен иесіз деп танылған және республикалық немесе коммуналдық меншікке түскен қауіпті қалдықтарды өтеусіз сақтауға беру туралы акт
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 07.10.2026 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"___"___________20____ ж. ______________________
(актіні жасау орны)
Комиссия құрамында:
__________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты)
қауіпті қалдықтарды тапсырды, ал __________________ атынан____________
(жеке немесе заңды тұлға)(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
___________________________________________________________________
(соттың атауы, азаматтық істің нөмірі, шешім күні)
шешімімен иесіз деп танылған және _______________________ (республикалық немесе коммуналдық) меншікке түскен қауіпті қалдықтарды өтеусіз сақтауға қабылдады.
№ р/с | Қауіпті қалдықтардың атауы | Сот актісіне сәйкес қауіпті қалдықтардың саны (салмағы немесе көлемі) | Қабылдау күніне қауіпті қалдықтардың орналасқан жері | Қауіпті қалдықтардың жай-күйінің сипаттамасы (сұйық немесе қатты | Қауіпті қалдықтардың ыдысының, қаптамасының сипаттамасы (түрі, саны, жай-күйі) | Комиссияның пікірі бойынша сипаттауға жататын қауіпті қалдықтардың өзге де сипаттамалары |
Тапсырды: _______________________ _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
_______________________ _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
_______________________ _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Қабылдады:
_______________________ _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
| Иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына 3-қосымша |
|
| Нысан |
Қауіпті қалдықтарға қол жеткізу туралы акт
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 07.10.2026 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"___"___________20____ ж. ______________________
(актіні жасау орны)
Біз, төменде қол қойғандар, 20____ ж. "___" ____________ №____ сот шешімімен иесіз деп танылған және 20____ ж. "___" ____________ актімен ________________ (республикалық немесе коммуналдық) меншікке түскен қауіпті қалдықтарға зерттеу жүргізу үшін қауіпті қалдықтарға қол жеткізу туралы осы актіні жасадық.
№ р/с | Қауіпті қалдықтардың атауы | Сот актісіне сәйкес қауіпті қалдықтардың саны (салмағы немесе көлемі) | Қауіпті қалдықтардың орналасқан жері | Қауіпті қалдықтардың жай-күйінің сипаттамасы (сұйық немесе қатты | Қауіпті қалдықтардың ыдысының, қаптамасының сипаттамасы (түрі, саны, жай-күйі) | Комиссияның пікірі бойынша сипаттауға жататын қауіпті қалдықтардың өзге де сипаттамалары |
Осы Акт қауіпті қалдықтарды зерттеу жөніндегі қызметтерге Оператор немесе ЖАО мен өнім беруші арасында 20____ ж. "___" ____________ №____ көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау шеңберінде жасалды.
Қатысқандар:
_______________________ _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
_______________________ _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
_______________________ _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
| Иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына 4-қосымша |
|
| Нысан |
Қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратуға және (немесе) жоюға қабылдау-беру актісі
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 07.10.2026 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"___"___________20____ ж. ______________________
(актіні жасау орны)
Біз, төменде қол қойғандар, соттың 20____ ж. "___" ____________ №____ сот шешімімен иесіз деп танылған және 20____ ж. "___" ____________ актімен _____________ (республикалық немесе коммуналдық) меншікке түскен қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратуға және (немесе) жоюға қабылдау-беру туралы осы актіні төмендегілер туралы жасадық:
№ р/с | Қауіпті қалдықтардың атауы | Қауіпті қалдықтардың саны (массасы немесе көлемі) | Қауіпті қалдықтардың орналасқан жері | Қауіпті қалдықтардың жай-күйінің сипаттамасы (сұйық немесе қатты | Қауіпті қалдықтардың ыдысының, қаптамасының сипаттамасы (түрі, саны, жай-күйі) | Комиссияның пікірі бойынша сипаттауға жататын қауіпті қалдықтардың өзге де сипаттамалары |
Осы Акт қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою жөніндегі қызметтерге Оператор немесе ЖАО мен өнім беруші арасында 20____ ж. "___" ____________ №____ көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау шеңберінде жасалды.
Оператордан немесе ЖАО-дан тапсырды:
_______________________ _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
_______________________ _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Өнім берушіден қабылдады: _______________________ _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Қатысқандар: _______________________ _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
_______________________ _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
| Иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына 5-қосымша |
|
| Нысан |
Қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою кезеңдерінің бірінде болу актісі
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 07.10.2026 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"___"___________20____ ж. ______________________
(актіні жасау орны)
Біз, төменде қол қойғандар, 20____ ж. "___" ____________ №____ сот шешімімен иесіз деп танылған және 20____ ж. "___" ____________ актімен __________________ (республикалық немесе коммуналдық меншікке) түскен қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою кезеңдерінің бірінде болудың осы актісін жасадық.
Көрсетілген кәдеге жарату және (немесе) жою кезеңі Оператор немесе ЖАО мен өнім беруші арасында жасалған 20____ ж. "___" ____________ №____ қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес жүргізілді.
Қатысқандар:
Оператордан немесе ЖАО-дан:
_______________________ _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
_______________________ _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Өнім берушіден:
_______________________ _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
| Иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына 6-қосымша |
|
| Нысан |
Қауіпті қалдықтардың бұрынғы орналасқан жерін көзбен шолып қарау актісі
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 07.10.2026 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"___"___________20____ ж. ______________________
(актіні жасау орны)
Біз, Оператордың немесе ЖАО мен өнім берушінің төменде қол қойған өкілдері 20____ ж. "___" ____________ №____ сот шешімімен иесіз деп танылған және 20____ ж. "___" ____________ актімен _________________ (республикалық немесе коммуналдық) меншікке түскен қауіпті қалдықтардың бұрынғы орналасқан жерін көзбен шолып қарау актісін жасадық.
Осымен Оператор немесе ЖАО мен өнім берушінің өкілдері төменде көрсетілген қауіпті қалдықтардың бұрын орналасқан жеріне визуалды қарап-тексеру жүргізіп, олардың
__________________________________________________________________________ (қауіпті қалдықтардың толық немесе ішінара жоқтығын немесе болуын көрсетіңіз) растады.
№ р/с | Қауіпті қалдықтардың атауы | Қауіпті қалдықтардың саны (массасы немесе көлемі) | Қауіпті қалдықтардың бұрынғы орны |
Осы Акт қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою жөніндегі қызметтерге Оператор немесе ЖАО мен өнім беруші арасында 20____ ж. "___" ____________ №____ көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау шеңберінде жасалды.
Қатысушылар:
Оператордан немесе ЖАО-дан:
_______________________ _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
_______________________ _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Өнім берушіден:
_______________________ _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
| Иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына 7-қосымша |
|
| Нысан |
Қауіпті қалдықтарды қарау актісі
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 07.10.2026 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"___"___________20____ ж. ______________________
(актіні жасау орны)
Біз, төменде қол қойғандар, 20____ ж. "___" ____________ №____ сот шешімімен иесіз деп танылған және 20____ ж. "___" ____________ актімен ________________ (республикалық немесе коммуналдық) меншікке түскен қауіпті қалдықтарды қарап тексеруді жүргіздік.
№ р/с | Қауіпті қалдықтардың атауы | Қауіпті қалдықтардың саны (массасы немесе көлемі) | Қауіпті қалдықтардың орналасқан жері | Қауіпті қалдықтардың жай-күйінің сипаттамасы (сұйық немесе қатты | Қауіпті қалдықтардың ыдысының, қаптамасының сипаттамасы (түрі, саны, жай-күйі) | Комиссияның пікірі бойынша сипаттауға жататын қауіпті қалдықтардың өзге де сипаттамалары |
Қатысқандар:
_______________________ _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
_______________________ _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
_______________________ _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
| Иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына 8-қосымша |
|
| Нысан |
Ескерту. 8-қосымша алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 07.10.2026 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына 9-қосымша |
|
| Нысан |
Ескерту. 9-қосымша алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 31.03.2026 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| бұйрыққа қосымша |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтар тізімі
1. "Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11475 болып тіркелген)
2. "Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 451 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14400 болып тіркелген).
3. "Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 156 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17014 болып тіркелген).