БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрылыс қызметі саласындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірінің 2021 жылғы 8 ақпандағы № 53 бұйрығына қосымша |
Құрылыс қызметі саласындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10401 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-2) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларында:
10 тармақтың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"25) "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін порталында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына ай сайынғы негізде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу басталғаны туралы берген айдан кейінгі айдың 5-күніне осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылыстың барысы туралы және орындалған жұмыстардың сапасы туралы (фотоесептерді қоса бере отырып) ұдайы есептер ұсынады;";
10 тармақтың 27) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"27) тапсырыс беруші бекітетін нысан бойынша жобаны іске асыру барысы туралы тапсырыс берушіге ай сайын есеп береді.
Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерді салу кезінде де жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес тапсырыс берушіге отандық тауар өндірушілер материалдарының, жабдықтарының, бұйымдары мен конструкцияларының қолданылуын бақылау бойынша ай сайын есеп береді.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларына 4-қосымшадағы Құрылыстың барысы туралы және орындалған жұмыстардың сапасы туралы есептің нысаны осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 09.06.2026 № 291 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 29.05.2026 № 268 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Әкімшілік деректер нысаны www.mііd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған Құрылыстың барысы және орындалған жұмыстардың сапасы туралы есеп Есепті кезең 20___ жылғы ____ Индекс: 1-ОЖБЖ Кезеңділігі: ай сайын Ақпаратты ұсынатын адамдар аясы: Техникалық қадағалау қызметін жүргізетін жеке және заңды тұлғалар. Нысан қайда ұсынылады: Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары. Ұсыну мерзімі: айына бір рет, есепті кезеңнен кейінгі 5-күннен кешіктірмей.
| нысан |
Р/с № | Атауы | Мәліметтер |
1 | Есептің нөмірі, есепті тапсыру уақыты және күні | |
2 | Есепті орган (мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органы атауы) | |
3 | Есепті кезең (айы, жылы) | |
4 | Объектінің атауы (объектінің толық атауы) | |
5 | Объектінің орналасқан жері: (объектінің мекенжайы) | |
6 | Құрылыс-монтаждау жұмыстарын (бұдан әрі - ҚМЖ) жүргізу бастағаны туралы хабарлама-талоны (талон қабылдаған № және күні) | |
7 |
Объектінің жауапкершілік деңгейі: | |
8 | Тапсырыс беруші (заңды тұлға үшін ұйым атауы - бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН)/жеке тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) – жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) | |
9 | Бас мердігер (ұйымның атауы – БСН) | |
10 | Қосалқы мердігерлік ұйымдар (ұйым атауы – БСН) | |
11 | Бас жобалаушы (ұйымның атауы – БСН) | |
12 | Авторлық қадағалау (заңды тұлға үшін ұйым атауы - БСН)/жеке тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) - ЖСН) | |
13 | Техникалық қадағалау (заңды тұлға үшін ұйым атауы - БСН)/жеке тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)-ЖСН) | |
14 | Техникалық қадағалау сарапшылары (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)-ЖСН) | |
15 | Объектінің дайындығы | |
1) жалпы дайындығы: % | ||
2) іргетас: % | ||
3) қаңқа: % | ||
4) шатыр: % | ||
5) инженерлік желілер: % | ||
6) әрлеу жұмыстары: % | ||
7) әлсіз ток жүйелері: % | ||
8) абаттандыру: % | ||
9) ұзындығы: % | ||
10) - // - % | ||
11) - // - % | ||
16 | Жергілікті қамту үлесі (мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерде) | |
Пайдаланылған материалдардың жалпы көлемі, млн. теңге | ||
Оның ішінде отандық тауар өндірушілердің материалдары пайдаланылды, млн. теңге (%) | ||
17 | Орындалған ҚМЖ жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік кестесіне сәйкестігі (ия/жоқ) | |
18 | Атқарушылық-техникалық құжаттаманың жай-күйі ("Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындарды, ғимараттарды және құрылыстарды салуды ұйымдастыру" ҚР ҚН 1.03-00-2011* сәйкес толық көлемде жүргізілуде/ жүргізілмейді) | |
19 | Құрылыс алаңын күтіп ұстау және ҚМЖ өндіру кезінде нормативтік техникалық құжаттар (бұдан әрі – НТҚ) талаптарын сақтау | |
1) объектінің паспорты: ("Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындарды, ғимараттарды және құрылыстарды салуды ұйымдастыру Құрылыс өндірісі" ҚР ҚН 1.03-00-2011* сәйкес келеді/сәйкес келмейді) | ||
2) қоршау: (МЕМСТ 23407-78 "Құрылыс алаңдары мен құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізу учаскелерінің мүкәммалдық қоршаулары. Техникалық шарттар", ҚР ҚЖ 3.02-142-2014 "Кәсіпорын, ғимарат және имарат алаңдары мен телімдерінің қоршауларын жобалау" сәйкес келеді/сәйкес келмейді) | ||
3) дөңгелектердіс/сәйкес кел(қажет болған жағдайда) бар/жоқ | ||
4) қоқыс жинауға арналған құрылғы немесе бункер (қажет болған жағдайда) бар/жоқ | ||
5) алаң ішіндегі жолдардың қатты жабындары бар/жоқ | ||
6) ҚМЖ жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау, қоршаған аумақ пен халық үшін құрылыс жұмыстарының қауіпсіздігі жөніндегі талаптар сақталады/сақталмайды | ||
20 | Тартылған инженерлік-техникалық қызметкерлердің (бұдан әрі – ИТҚ ) құрамы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) – ЖСН, мамандануы, аттестат № және күні, аттестатталған орталық – БСН, ұйым атауы) | |
21 | Қайта сараптамадан өтуді талап етпейтін жобадағы өзгерістер (өзгертудің мәні, өзгерту үшін негіздеме, авторлық қадағалаумен өзгертуді келісу күні, келісу нәтижесі) | |
22 | Есепті кезеңде берілген ескертулер (ескерту, ескерту берілген күн, ескерту жойылған күн, қажетті шаралар) | |
23 | Объектіге фото бекіту (тек gіf, jpg, jpeg, png файлдары 5 мегабайттан аспайтын) | |
24 | Ескертпе |
Осы есепте келтірілген мәліметтерге байланысты барлық өзгерістер туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына уақтылы хабарлауға міндеттенемін. Есепте және (немесе) есепке қоса берілетін құжаттарда қамтылған мәліметтердің анықтығы үшін жауапты боламын.
Сарапшының электрондық-цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ)_______ (____________)
Ұйым басшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) _______ (______)
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме "Құрылыстың барысы және орындалған жұмыстардың сапасы туралы есеп" (Индекс: 1-ОЖБЖ, кезеңділігі ай сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құрылыстың барысы және орындалған жұмыстардың сапасы туралы есеп бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі түсіндірме оны толтыру тәртібін нақтылайды.
2. Нысанды техникалық қадағалау қызметін жүргізетін жеке және заңды тұлғалар толтырылады.
3. Нысан техникалық қадағалаушының жауапты сарапшысының және аккредиттелген заңды тұлғаның басшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасын пайдаланумен қол қойылады.
4. Нысан айына бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей ұсынылады.
5. Нысан мемлекеттік және орыс тілінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1-бағанда есепті тапсыру кезінде ақпараттық "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін порталы автоматты түрде жұмыс істейді.
2-бағанда есепті қабылдайтын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органының атауы көрсетіледі.
3-бағанда есеп берілетін құрылыс кезеңі көрсетіледі.
4-бағанда сараптама қорытындысына сәйкес объектінің толық атауы көрсетіледі.
5-бағанда құрылыс объектісінің орналасқан жері (мекенжайы) көрсетіледі.
6-бағанда ҚМЖ жүргізу бастағаны туралы хабарлама-талонының қабылдаған № және күні көрсетіледі.
7-бағанда сараптама қорытындысына сәйкес салынып жатқан объектінің жауапкершілік деңгейі көрсетіледі.
8-бағанда құрылысқа тапсырыс берушінің деректемелері көрсетіледі.
9-бағанда құрылыстың бас мердігерінің деректемелері көрсетіледі.
10-бағанда тартылған қосалқы мердігерлік ұйымдардың деректемелері көрсетіледі.
11-бағанда бас жобалаушының деректемелері көрсетіледі.
12- бағанда авторлық қадағалаудың деректемелері көрсетіледі.
13- бағанда техникалық қадағалаудың деректемелері көрсетіледі.
14-бағанда объектіде тартылған техникалық қадағалау сарапшыларының деректемелері көрсетіледі.
15-бағанда мынадай жекелеген конструктивтік бөліктер бойынша объектінің дайындығы туралы деректер (пайызбен) көрсетіледі:
1) жалпы дайындығы (пайызбен);
2) іргетас (пайызбен);
3) қаңқа (пайызбен);
4) шатыр (пайызбен);
5) инженерлік желілер (пайызбен);
6) әрлеу жұмыстары (пайызбен);
7) әлсіз тоқ жүйелері (пайызбен);
8) абаттандыру (пайызбен);
9) ұзындығы (пайызбен);
10), 11) осы бағанда жоқ объектінің өзге де конструктивтік бөліктері болған жағдайда толтырылады.
16-бағанда құрылыс кезінде пайдаланылған материалдардың жергілікті қамту үлесі бойынша деректер (млн. теңге, пайызбен) көрсетіледі (тек мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілер үшін).
17-бағанда орындалған ҚМЖ жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік кестесіне сәйкестігі немесе сәйкестік еместігі көрсетіледі.
18-бағанда "Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындарды, ғимараттарды және құрылыстарды салуды ұйымдастыру" ҚР ҚН 1.03-00-2011* сәйкес құрылыс құжаттамасының жүргізу ақпараты көрсетіледі.
19-бағанда құрылыс алаңын күтіп-ұстау және ҚМЖ жүргізу кезінде НТҚ талаптарын сақтау туралы мынадай мәліметтер:
1) объектінің паспорты "Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындарды, ғимараттарды және құрылыстарды салуды ұйымдастыру" ҚР ҚН 1.03-00-2011* сәйкестігі толтырылады;
2) қоршау "Құрылыс алаңдары мен құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізу учаскелерінің мүкәммалдық қоршаулары. Техникалық шарттар" МЕМСТ 23407-78, "Кәсіпорын, ғимарат және имарат алаңдары мен телімдерінің қоршауларын жобалау" ҚР ҚЖ 3.02-142-2014сәйкестігі толтырылады;
3) дөңгелектерді жуу пункті (қажет болған жағдайда) бар немесе жоқ екендігі туралы ақпарат толтырылады;
4) қоқыс жинауға арналған құрылғы немесе бункер (қажет болған жағдайда) бар немесе жоқ екендігі туралы ақпарат толтырылады;
5) алаң ішіндегі жолдардың қатты жабындары бар немесе жоқ екендігі туралы ақпарат толтырылады;
6) ҚМЖ жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау, қоршаған аумақ пен халық үшін құрылыс жұмыстарының қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың сақталатыны туралы ақпарат толтырылады ("Құрылыстағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы" ҚР ҚН 1.03-05-2011).
20-бағанда мердігерлік ұйымның объектіге тартылған ИТҚ құрамы туралы мәліметтер көрсетіледі.
21-бағанда қайта сараптама жүргізуді талап етпейтін жобадағы өзгерістер туралы мәліметтер көрсетіледі.
22-бағанда есепті кезеңде берілген ескертулер туралы мәліметтер көрсетіледі (ескерту, ескерту берілген күн, ескерту жойылған күн, қажетті шаралар, мәртебесі, фото бақылау).
23-бағанда объектінің gіf, jpg, jpeg, png форматта 5 мегабайттан аспайтын фотоматериалдары қоса беріледі.
24-бағанда объект бойынша ескертпе көрсетіледі.
| Құрылыс қызметі саласындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 2-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 09.06.2026 № 291 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.