ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 909 ұсынысы негізінде, Қалжыр ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі Тақыр ауылының ірі қара мүйізді малына сарып ауруынан Республикалық бюджеті есебінен жүргізілген сауықтыру жұмыстары қанағаттанарлық нәтиже көрсетуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қалжыр ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 28 мамырындағы "Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округінің Тақыр ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 29 мамырда № 5975 болып тіркелінген, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 1 маусымда жарияланған) № 3 шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. "Қалжыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалжыр ауылдық округінің әкімі | Б. Мукушев |