Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округі әкімінің 23.12.2020 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 12 мамырдағы № 165 ұсынысы негізінде, Глуховка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Мүйізді ірі қара малдан бруцеллез ауруының шығуына байланысты, Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Глуховка ауылында Жамбыл, Свердлов, Пионерский, Юбилейный көшелеріне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді әділет органында мемлекеттік тіркеу;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберу;
3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Бесқарағай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Глуховка ауылдық округінің әкімі | А. Тастенбеков |