Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 17.11.2023 № 251 қаулысымен (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы "Өсімдіктер карантині туралы" Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2020 жылғы 22 мамырдағы № 03/415 ұсынымы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 378 "Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4836 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2017 жылғы 2 ақпанда "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Д. Ахметов |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы __________________ 2020 жылғы "____"______________ |
А. Кәрімов |
| Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 17 маусымы № 197 қаулыға қосымша |
|
| Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 378 қаулысына қосымша |
Қара сүгенің әр түрлігімен (Monochamus) зақымданған алқаптар көлемінде Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимі енгізілетін карантин аймағы
Аудандар, ауылдық округтер атауы | Жер учаскесінің тиесілігі | Зақымданған алқап, гектарда |
Глубокое ауданы | ||
Черемшанка | "Черемшанка орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 0,22 |
Аудан бойынша барлығы | 0,22 | |