ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабының 31-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Д. Ахметов |
| Шығыс Қазақстан облысы әқімдігінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 40 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 166 "Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4097 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 25 және 27 тамызда "Дидар", 2015 жылғы 26 және 28 тамызда "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған);
2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 119 "Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 166 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4535 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2016 жылғы 27 мамырда "Дидар", 2016 жылғы 28 мамырда "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған);
3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 3 тамыздағы № 245 "Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 166 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4660 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде 2016 жылғы 10 қыркүйекте жарияланған);
4. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қарашадағы № 297 "Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 166 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5280 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде 2017 жылғы 9 желтоқсанда жарияланған);
5. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 351 "Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 166 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5387 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде 2017 жылғы 28 желтоқсанда жарияланған);
6. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 қазандағы № 362 "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 166 "Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6216 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде 2019 жылғы 26 қазанда жарияланған).