Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 22.06.2023 № 4/11-08 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10030 болып тiркелген) бұйрығына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi № 404 "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түлкібас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары осы шешiмнің 1 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Түлкібас ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, әкету және көму тарифтері осы шешiмнің 2 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
3. "Түлкібас аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түлкібас аудандық мәслихатының аппарат басшысына жүктелсін.
5. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Аудандық мәслихаттың хатшысы | С. Сейсенбаев |
| Түлкібас аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 60/2-06 шешіміне 1-қосымша |
Түлкібас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың орташа жылдық жинақталу нормасы, текше метр |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
1,86 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,28 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,62 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,35 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,21 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,018 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,73 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,029 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,99 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,06 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1м2 | 0,003 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары |
Жоба бойынша | 0,09 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1м2 | - |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1м2 | 0,98 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1м2 | - |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1м2 | 0,21 |
17 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1м2 | - |
18 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1м2 | -- |
19 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1м2 | 0,02 |
20 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1м2 | - |
21 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1м2 | - |
22 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1м2 | 0,33 |
23 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина- орын | 1,90 |
24 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,7 |
25 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | - |
26 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,56 |
27 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,1 |
28 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1м2 | 0,23 |
29 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау) және сол сияқтылар | 1 жұмыс орны | - |
30 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,06 |
31 | Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | - |
32 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | - |
| Түлкібас аудандық мәслихатының 2020 жылғы "29" қыркүйектегі № 60/2-06 шешіміне 2 – қосымша |
Түлкібас ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтері
№ р/с | Атауы | Есептік бірлік | Қызметтің құны (тенге) |
1 | Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифі | ||
1.1. | Жайлы үйлер | 1 тұрғын/1 айда | 100 |
1.2. | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын/1 айда | 100 |
1.3. | Жеке кәсіпкерлік субъектілер және заңды тұлғалар | 1 м3 | 700 |
2. | Қатты тұрмыстық қалдықтарды көму тарифі | ||
2.1. | Жеке тұлғалар үшін | 1 м3 | 100 |
2.2. | Жеке кәсіпкерлік субъектілер және заңды тұлғалар үшін | 1 м3 | 250 |